Жаңалықтар

Өскемендегі Достық үйінің маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін Өскеменде қала күніне орай 80-90-жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кештің өткізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы аумағында (Назарбаев даңғылы, 68), «Элегант» дүкені бойымен Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы бойындағы жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

– Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қала ішіндегі қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, 28 тамыз сағат 18:00-де Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы аумағында 80-90-жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кеш өтеді. Кештің хедлайнері – Өктем Алтаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button