Жаңалықтар
ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 709 шетел азаматы жауапқа тартылды

Жыл басынан бері облыста көші-қон заңнамасын бұзған 709 шетел азаматы мен 648 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыстың шекаралас аудандарында 64 шетелдік пен ҚР-ның 95 азаматы тарапынан заңбұзушылықтар тіркелді.
Көші-қон қызметінің мамандары заңбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен, қабылдаушы тараптармен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Көші-қон заңнамасын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Құжаттарды уақтылы рәсімдеу және белгіленген талаптарды орындау өңіріміздегі тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі», – деп еске салады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті.



