Жаңалықтар
Өскеменде биыл ерекше отшашу болады

Өскемен қала күніне орай мерекелік шаралар бес күн бойы өтеді.
Іс-шаралар 26 тамызда басталып, 30 тамыз, жексенбі күні орталық алаңдағы жәрмеңке мен концерттік бағдарламамен қорытындыланады.
Ал кешке қала тұрғындары мен қонақтарын отшашу күтеді.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, биылғы салют әдеттегіден өзгеше болады.
«Биыл әдеттегідей емес, басқаша ұйымдастырылады деп отыр. Бізде отшашулар әрдайым жақсы өткен, бірақ биыл ерекше болады деп уәде беріп отыр», – деді әкім.
Алмат Ақышов қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік шараларға белсенді қатысуға шақырып, көтеріңкі көңіл күй тіледі.



