Жаңалықтар

Өскемендік ару Қазақстанды әлемдік додада танытып жатыр

Өскемен қаласының тумасы, «Қазақстан аруы – 2024» атағының иегері Бағым Балтабаева биыл «Әлем аруы – 2026» халықаралық байқауында Қазақстанның атынан қатысып жатыр.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған Бағымның негізгі кәсібі – бастауыш сынып мұғалімі.

Бағым үшін «Әлем аруы» – тек сұлулық байқауы емес. Әр қатысушы әлеуметтік жобасын таныстыратын халықаралық алаң. Қазақстандық ару «More Than Beauty» жобасын ұсынып отыр. Жоба қиын жағдайға тап болған аналар мен отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар Бағым «Ана Үйі» қорының волонтері ретінде қайырымдылық шараларына қатысып, ағаш отырғызу акциялары мен сенбіліктерге белсенді атсалысып келеді.

Қазір байқауда дауыс беру кезеңі жүріп жатыр. Ол 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Ең көп дауыс жинаған төрт қатысушы автоматты түрде Top-40 қатарына өтеді.

Сондықтан әрбір дауыс – Бағым үшін ғана емес, Қазақстанның халықаралық байқаудағы нәтижесі үшін де маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button