Зайсанда ет өңдейтін зауыт салынады
Зайсан ауданының орталығында ет өңдейтін зауыты салынады. Бұл жөнінде ауданға жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездескен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Зайсан қаласында ет өңдеу зауытын салу, көкөністер мен жемістерді консервілеу цехын іске қосу және басқа да жобалар жүзеге асырылады. Сондықтан Зайсан ауданының әкіміне өңірді дамыту жөніндегі жоспар бойынша іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажет, – деді өңір басшысы.
Облыс әкімі аудан басшысына өңірді дамыту жөніндегі жоспар бойынша іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар аймақ басшысы осы жылы Айнабұлақ ауылында кемпинг, қызыл кірпіш шығаратын зауыт салу, Қарабұлақ ауылында балық өңдеу зауытын қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылатынын атап өтті.



