Жаңалықтар

Серебрянск қаласында су құбыры желілері жаңартылып жатыр

Алтай ауданының Серебрянск қаласында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Жоба аясында көлемі 200 текше метр болатын жаңа су резервуарының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар диаметрі 225 мм болатын 9 мың метрден астам жаңа су құбыры тартылып, 32 ысырма және 11 су құдығы орнатылды.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым – «СтальПромСнаб» ЖШС жаңа сорғы жабдықтарын орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа жабдық қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты – қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, сумен жабдықтаудың сапасы мен тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ Серебрянск қаласы тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button