БастыЖаңалықтар

Құрылтай сайлауы күні Өскеменде қоғамдық көліктер тегін жүреді

23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты Өскеменде қоғамдық көліктер тегін жүреді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Қала әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық көлік тасымалдаушылары облыс әкімдігінің ұсынысын қолдап, алдағы маңызды саяси оқиғаға орай тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүруді ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

– Бұл шара тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне және қала бойынша қоғамдық көлікпен еркін әрі ыңғайлы қатынауына мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

23 тамыз күні қаладағы қоғамдық көліктің барлық бағыттарында – автобустар мен трамвайларда жол жүру ақысы алынбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button