Жаңалықтар

«Құқықтық тәртіп»: ШҚО-да бір күнде 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Іс-шараның алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 392 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

– Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына қатысты 86 жағдай. Ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша 79, тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға байланысты 74 жағдай тіркелді.  Жол қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Бір тәулік ішінде жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 53 жағдайы, көлікті мас күйінде басқарудың  4, қарсы бағытқа шығудың  3, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік басқаруының 3 жағдайы анықталды. 24 азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орналастырылды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 21 тамызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button