ШҚО-да дүкеннен құлаққаптар ұрлаған күдікті ұсталды
Өскеменде полиция қызметкерлері қаладағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен құлаққаптар ұрлаған 28 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Полицияға дүкеннен үш құлаққаптың ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз адам мүлікті жасырын түрде ұрлап, дүкен иесіне 157 495 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
– Тергеу барысында күдіктінің дүкенге екі рет кіргені анықталды. Алғашқы келген кезде ол мүліктің бір бөлігін ұрлап, кейін оны кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 10 мың теңгеге сатып жіберген. Бірнеше сағаттан соң ер адам дүкенге қайта келіп, қалған мүлікті де ұрлап, оны дәл сондай сомаға сатқан, – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ұрлық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



