ШҚО-да көктемгі егіс жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Биыл облыс бойынша 618,1 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Ажар Каджибекованың айтуынша, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 252,6 мың га алқапқа себу жоспарланып отыр. 

– 2025 жылы облыстағы жалпы егістік көлемі 618,1 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8 мың гектарға артық. Атап айтқанда, дәнді дақылдарға 252,6 мың гектар, майлы дақылдарға 224,5 мың гектар бөлінді. Оның ішінде 207 мың гектары күнбағысқа арналған. Сонымен қатар, картоп пен қарақұмық егілетін алқаптар да ұлғайтылды, – дейді Ажар Каджибекова. 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы жыл сайын күздік дақылдардың егеді, алдынғы жылы 9,1 мың гектарға күздік бидай, арпа егілді. 

Қазіргі уақытта күздік дақылдардың 70 %-ы жақсы жағдайда, 30 %-ы қанағаттанарлық.

Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, биылғы жылы Үкімет резервінен минералды тыңайтқыштарды жеткізуші зауыттарға аванстық төлемдер үшін 2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат зауыттардың шоттарына аударылды, яғни ауыл шаруашылық тауарөндірушілер 60%  жеңілдікпен минералды тыңайтқыштарды алуға қол жеткізіліп отыр. 

Қазіргі уақытта 44,2 мың тонна минералды тыңайтқыштарды жеткізуге келісімшарттар жасалды, оның 40,0 мың тоннасы облысқа жеткізілді.

Бұдан басқа, биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін облыстық бюджеттен 4,1 млрд теңге субсидия көзделген, оның ішінде: 

— тұқым шаруашылығын қолдауға — 1 млрд 121 млн теңге; 

— минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға — 3 млрд 651 млн теңге; 

— пестицидтердің құнын арзандатуға — 1 млрд. 301 млн. теңге (499 млн теңге төленді);

— суармалы суды жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялау — 16 млн теңге.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі басты жаңалықтардың бірі – заманауи себу техникасының кеңінен енгізілуі. GPS-навигация және қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған кешендер агротехникалық талаптарды дәл сақтауға, тұқым мен жанармайды үнемдеуге, әрі егіс жұмысын айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік беруде. Мұндай кешен бір күнде 100–150 гектар жерді өңдей алады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button