Жаңалықтар

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі – 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.

– Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды. Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды.

Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі.

Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button