Жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер психотроптық зат салынған 34 ораманы тәркіледі

«Қарасора-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Өскеменде психотроптық заттарды таратты деп күдікке ілінген топты ұстады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер психотроптық заттарды топ болып таратты деген күдікпен басқа өңірден келген екі азаматты ұстады.

– 33 жастағы әйелді жеке тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған төрт орама табылды. Оқиға болған жерді тексеру барысында сол жердегі сөмкеден тағы 29 осындай орама тәркіленді. 22 жастағы ер адамнан да ұқсас зат салынған бір орама анықталып, тәркіленді. Барлығы полиция қызметкерлері 34 орама тәркіледі. Сот сараптамаларының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат а-РѴР психотроптық заты болып шықты. Жалпы салмағы 28,46 грамды құрады, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button