Риддер тауларында қар жауып қалды
Алтайдың алты ай қысы қарлы боранмен аяқталғандай. Бүгін Риддер тауларында қар жауып, боран соқты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыста мамырдың соңы мамыражай болмады. Бірнеше күн жаңбыр жауып, бүгін Риддер тауларында қар жауып қалды.
Сейсенбі күні таңертең қолайсыз ауарайы болып, тау шыңдары қарлы боранға оранды.
Температураның күрт төмендеуіне және синоптиктердің аяз туралы болжамдарына байланысты Риддердің тұрғындары мен бағбандары жылыжайларға отырғызылған жасыл желектерін жылылай түсті.



