ШҚО-да жыл басынан бері үш бала терезеден құлап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері үш бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– 2025 жылдың басынан бері облыс бойынша Зайсан, Өскемен және Риддер қалаларында балалардың терезеден құлауына байланысты үш жағдай тіркелді, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады: москит торларына сенбеңіз – ол баланы ұстап қалмайды, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.



