Ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 3,7 млрд теңге бөлінді
Биыл елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өтеді. Оған 3,7 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев айтты. Санақ жүргізу үшін жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ конкурстық іріктеуден және арнайы оқытудан өткен барлық ниет білдірген азамат санатынан 3700-ден астам адамды интервьюер ретінде жұмысқа тарту жоспарланған.
– Бөлінген бюджет мәселесіне келсек, санақ жұмысы республикалық бюджеттен 2025 жылға 3,7 млрд. теңге сомасында қаржыландырылады. Бір респонденттің құны 3,2$. Шығындардың негізгі бөлігі техникалық қолдау мен еңбекақыға байланысты, – деді ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы санағы кезінде мәлімет беруден бас тартқан немесе қате мәлімет берген адамдар әкімшілік жауапқа тартылатыны айтылды.



