Алтайдан Оралға дейін: Өскеменде велошеру басталды

Бүгін Өскемен қаласында «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды. Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Велошеру  Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылды. Шығыстан Қазақстаннан басталған велошеру Батыс Қазақстанға барып тізгін тартпақ. Шеру салтанатты түрде Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументінен басталды. 

– Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда. Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігі.

Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Велошеру 8 маусымда мәресіне жетеді деп жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button