Көптен күткен Понтон көпірі ашылды

Өскемендіктер понтон көпірі атап кеткен Ертістегі екінші өткел мамыр айының соңында ашылатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Айтқанымыздай аталған көпірдегі жол қозғалысы екі бағытта да ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өткен жылдың күзінен бері көпірдің бір жақ бағыты жабық тұрды. Себебі онда жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

– Өткен айда Понтон көпіріне барған кезде жұмыстарды аяқтап, көпірді мамыр айының соңында ашу туралы тапсырма берген едім. Тапсырма орындалды, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев.

Айта кетейік, Ертістегі екінші көпірмен өтетін тұрғындар қыс бойы кептелістің зардабын тартып келді. Оған себеп, су құбырларын ауыстыруға байланысты көпірдің бір бағытындағы жол қозғалысы өткен жылдың күзінде тоқтаған болатын. Алайда көпірдің жабық тұрған бағытында қыс бойы ешқандай жұмыс жүрілмеген. Ерте көктемде облыс әкімі Нұрымбет Сақатағанов жұмыстың дұрыс жоспарланбағанын айтып, мәселені тездетіп шешу керек екенін айтқан болатын. Содан бері көпірдің келесі бөлігінде жұмыс істеле бастаған болатын. Ал күні кеше көпір ашылып, тұрғындар кептелістен көз ашты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button