Жай ғана жаттығу. Бүгін облыс бойынша дабыл сиреналары іске қосылады
15 мамыр, сағат 12:55-те \»Өрт -2024\» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде облыс бойынша барлық электр сиреналар іске қосылады.
Электр сиреналарының іске қосылуы арқылы \»Барлығының назарына!» сигналы беріледі.
Тұрғындардан оқу-жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз” — дейді, ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.



