Жаңалықтар

Шығысқазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында қола жүлде иеленді

27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

– Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті, – делінген хабарламада.

Алтын медаль иегерлері:

Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Сырым Амантай – Қарағанды облысындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

Дарын Бекбол – Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы;

Азамат Жумажанов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Айдос Серікбай – Алматы облысы, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Шыңғыс Мүрсәлім – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Нұрай Бакеева – Солтүстік Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Амир Дарынов – Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;

Алан Козленко – Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманы жарысқа география пәнінің мұғалімі Нұрмағамбет Данат Мұратұлы (IQanat High School of Burabay) мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Шайхина Орал Бекболатқызы дайындап, жетекшілік етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button