Жаңалықтар
Шешек асуында жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Өскемендегі Шешек асуында жол жабынын жөндеу жұмыстарын жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Осы аптада қалаға кіреберістегі Шешек асуында топырағы көтеріліп, жол жабыны деформацияланған учаскелердің негізін дайындау жұмыстары толық аяқталады. Ал келесі аптада аталған учаскелерге жаңа асфальт жабыны төселеді, – деп жазды қала әкімі Алмат Ақышов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



