Өскеменде жаңа экопарк бой көтереді

Өскеменде абаттандыру және тұрғындар үшін жайлы қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазіргі таңда Ертістің сол жағалауындағы «Қайың Тоғайы» эко-паркін абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленді. Жоба табиғи ландшафтты сақтай отырып, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи демалыс аймағын қалыптастыруды көздейді.
– Экопарк аумағында серуендеуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары, өзен жағалауындағы серуен аймағы, демалыс орындары, көгалдандыру элементтері және табиғатпен үйлесімді қоғамдық кеңістіктер қарастырылады. Бұл жоба қаламыздың экологиялық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенді демалысы мен бос уақытын өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Біздің мақсатымыз – Өскеменді жайлы, жасыл әрі өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыру. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деп жазды Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



