Жаңалықтар
Өскеменде ашық аспан астында концерт өтеді
Бүгін Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының алдында Астана күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қала тұрғындары мен қонақтарын осы кешті шығармашылық және көтеріңкі көңіл-күйде өткізуге шақырамыз, – дейді Достық үйінің өкілі Ботагөз Мәлімбекова.
Қонақтарды Auen Band, U.N.T.I.L. топтарының және вокал орындаушыларының қатысуымен өтетін музыкалық бағдарламалар күтеді.
Мерекелік концерт сағат 19:00-де басталады.



