Жаңалықтар

Өскеменде №1 емхана аумағында автотұрақ кеңейтіледі

Өскеменде қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасып жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Қазіргі уақытта №1 емхана аумағында (Әуезов даңғылы, 18) автотұрақты кеңейту, жиек тасын орнату, сондай-ақ жаңа асфальт-бетон жабынын төсеуге арналған негізді дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дайындық кезеңі аясында болашақ жабынның беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін негіз арнайы техникамен тығыздалуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар медициналық мекемеге келушілер мен қызметкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button