Ауыр қылмыс жасап Ресейге қашқан Риддер тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бас прокуратура сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын РФ-дан экстрадициялады.
– Аталған тұлға 2023 жылы Риддер қаласында алкогольдік ішімдік ішіп жәбірленушімен жанжал негізінде өзімен бірге болған жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне көптеген соққы жасаған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты жәбірленуші құтқарылды, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Сот қылмыскерге бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаған. Алайда ол өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарған, сол себепті халықаралық іздеу жарияланған.
– Ол Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек.