Өскеменде 38 аумақ абаттандырылады

ЖАҢАЛЫҚТАР 12-05-2025, 16:08 0

Осы жазда қала ішіндегі 38 аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Қазіргі уақытта оның он аумағында жөндеу жұмыстары басталған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Биылғы жылы орталық көшелерге де, әлеуметтік маңызы бар нысандарға да ерекше назар аударылып отыр. Дәл қазіргі уақытта Чехов, Горький және Нұрмағамбетов көшелерінің бойындағы жолдың жиек тастарын ауыстыру басталған.  

– Жалпы, биылғы маусымда 38 аумақты абаттандыру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 10-ында жұмыстар басталып, бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді. Мердігер ұйымдар бекітілген кесте мен жұмыс жоспарына сәйкес еңбек етуде, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев.

Қала әкімінің айтуынша, көшерлерге гүл отырғызу да жалғасуда. Көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, орталық көшелер мен аула аумақтары гүлзарларға орана түспек.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив