Катонқарағайда «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия фестивалі өтеді

10 шілде күні Катонқарағай ауданындағы Берел ауылына қарасты тарихи Патшалар жазығында «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ауқымды мәдени жобаны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық Мәдениет басқармасы және Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы ұйымдастырып отыр.
Фестиваль қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сыршыл ақын Ақтан Нұрбаевтың шығармашылық мұрасын ұлықтауға, оның әдеби әлемін кеңінен насихаттауға және ұлттық поэзияның бүгінгі тынысын танытуға бағытталған.
Поэзия мерекесіне еліміздің әр өңірінен белгілі ақындар мен қаламгерлер қатысады. Олардың қатарында Ербол Алшынбай (Абай облысы), Индира Кереева (Ақтөбе облысы), Еділбек Дүйсенов (Маңғыстау облысы), Шерхан Талап (Астана қаласы), Ділдә Уәлибек (Астана қаласы), Айбек Оралхан (Павлодар облысы), Піржан Сандыбай (Қызылорда облысы), Әскерхан Ақтай (Шығыс Қазақстан облысы), Мұратхан Кенжеханұлы (Шығыс Қазақстан облысы), Олжас Керейхан (Шығыс Қазақстан облысы), Жеңіс Оразайұлы (Шығыс Қазақстан облысы), Қызырбек Дүргінбайұлы (Шығыс Қазақстан облысы), Есенбол Нахдубай (Шығыс Қазақстан облысы), Естай Жаңабай (Шығыс Қазақстан облысы), Құмар Зиятхан (Шығыс Қазақстан облысы) және Мақсат Дауылбайұлы (Астана қаласы) бар.
Кеш бағдарламасында ақындардың шығармашылық кездесуі, поэзиялық оқулар, әдеби сұхбаттар ұйымдастырылып, көрермендер қазақ сөз өнерінің үздік үлгілеріне куә болады.
Фстивальдің концерттік бөлімінде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен танымал солистері өнер көрсетеді.
«Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия фестивалі сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады.



