Жаңалықтар
Өскеменде ертең жәрмеңке өтеді
Облыс орталығында 4 шілде күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңке сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) және «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), шұжық және сүт, нан-тоқаш өнімдері, бал және тағы басқа өнімдер ұсынылады.



