Жаңалықтар

Ертіс су айдынының жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Бұқтырма су қоймасының «Тораңғы» шығанағының жағалауы мен Ертіс су айдынының жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отрядының инспекторлары РММ «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» Күршім балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Бұқтырма су қоймасының «Тораңғы» шығанағының жағалауы мен Ертіс су айдынының жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық акциясы барысында жағалау аумақтары тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, шыны ыдыстардан, полиэтилен қаптардан және өзге де қоқыстардан тазартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шамамен 1 250 келі қатты тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды.Атқарылған жұмысқа жалпы 10 қызметкер қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button