Жаңалықтар

ШҚО-да оқушылар суға батып бара жатқан жас жігітті құтқарды

Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласының № 4 орта мектебінің мұғалімі мен оқушылары суға батып бара жатқан жас жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– 13 маусымда Бұқтырма кентіндегі демалыс орындарының бірінде жас жігіт суға бата бастаған. Оқиға куәгерлері Серебрянск қаласының № 4 орта мектебінің оқушылары абдырап қалмай, ересектермен бірге дереу көмекке ұмтылды. Жас жігітті құтқаруда мұғалім Берік Тұрқанов ерекше рөл атқарды. Ол су көлігін пайдаланып, жігітті жағаға жедел жеткізуді қамтамасыз етті және оған алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Берік Тұрқанов пен шәкірттері Нұртілек Жамиев, Сабыр Нұрғазы ержүректігі, бей-жай қарамағаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button