Жаңалықтар
Өскеменде Ұлттық домбыра күніне орай концерт өтеді

5 шілде күні Өскемендегі амфитеатрда Ұлттық домбыра күніне арналған Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Концерт сағат 18:00-де басталады. Бас дирижер Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ырысханұлы, дирижер Мәдениет саласының үздігі Ержан Касымканов.
Кеште Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары – Хадхан Манай, Абай Каирбек, Естай Матабаев өнер көрсетеді.



