Жаңалықтар
Өскеменде Қабанбай батыр ескерткішінің аумағы абаттандырылып жатыр
Облыс орталығындағы Қабанбай батыр ескерткішінің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қызметкерлері Қабанбай батыр ескерткішінің айналасындағы аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
– Ескерткіштің маңындағы қыш құмыраларға шырайгүл, қазтамақ және барқытгүл көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар аумақ тазартылып, тазалық пен тәртіп тұрақты түрде сақталуда, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының өкілдері.



