ШҚО-да қоқыс полигоны рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген
24 маусым күні ШҚО Экология департаменті Алтай қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектісін пайдалану фактісі бойынша «Шемонаиха ком-хоз» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Тексеру барысында полигон аумағындағы жұмыстардың тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны анықталды, соның салдарынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына қойылатын талаптар бұзылған.
Сонымен қатар полигонның қолданыстағы экологиялық рұқсатсыз пайдаланылып келгені белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша «Шемонаиха ком-хоз» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 327-1 және 344-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.



