Жаңалықтар

Өскемен – Риддер және Өскемен – Шемонаиха бағыттарындағы жолдарды жөндеу 1 қыркүйекке дейін аяқталады

Риддер қаласы және Шемонаиха ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов республикалық маңызы бар Өскемен – Риддер және Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен  танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бүгінде Өскемен – Риддер тасжолында 14 шақырым, сонымен қатар Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автомобиль жолында 27 шақырым жөндеу жұмыстарын аяқтау қалды.

– 22 мамырдан бастап Өскемен – Риддер тасжолында жол жөндеу жұмыстарын «Эталон» компаниясы жүргізіп жатыр.  Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстар кідірмесе, 1 қыркүйекке дейін  Өскемен – Риддер бағытындағы жол толығымен жөнделеді, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы тасжолында 27 шақырым жөндеу жұмыстарын аяқтау қалғанын, мердігер «ОблШығысЖол» компаниясы барлық жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқтауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы бағытындағы жолдың жалпы ұзындығы 120 шақырым.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Алмас Қасеновтың айтуынша, жөндеу жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған.

– Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары барысында жолдың негізгі беріктігін арттыру мақсатында ресайклирлеу технологиясы қолданылып жатыр, сондай-ақ екі қабат асфальт төселеді, – деді Алмас Қасенов.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button