Жаңалықтар

Шемонаихада теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті

Шемонаиха ауданында теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бүгін Шемонаиха ауданына жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов теміржол вокзалын аралап шықты.

– Шемонаиха қаласында жаңа теміржол станциясының қайта жаңғыртудан кейін ашылуы іске асырылып жатқан ауқымды жұмысымыздың бір көрінісі. Бүгінгі теміржол станциясының ашылуы барлығымызға құтты болсын. Жоба Шемонаиха ауданының ғана емес, облысымыздың дамуына қызмет етіп, тұрғындардың игілігіне жарайтыны сөзсіз. Бастысы кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың жүк тасымалының тиімділігін арттыруға үлкен қосады деп сенеміз, – деді аймақ басшысы.

«QK SUNQAR» ЖШС басшысы, мердігер Дархан Шотабаевтың айтуынша, бүгінде ғимарат толығымен қайта жаңғыртудан өтті. Ішкі бөлмелер, жиһаздар айырбасталып, перрон жөнделді. Құрылыс жұмыстары барысында қазіргі заманауи материалдар қолданылды. Ғимарттың сырты қапталып, шатыры, терезелер ауыстырылды.

Нысанның жалпы ауданы 475 шаршы метрді құрайды.

– Шемонаиха теміржол вокзалы үшінші типті жолаушылар қызмет көрсету пунктісі бар өндірістік ғимарат. Қайта жаңғырту жұмыстары барысында вокзал заманауи сәулеттік келбетке ие болды. Ғимарттың қасбеті мен шатыры,  инженерлік желілер, желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері жаңартылды. Ғимарат тактильді бағыттау жүйесімен, арнайы күту бөлмесімен жабдықталған. Бұл келушілердің барлық санаттары үшін жайлы және қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етеді, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бойынша директордың орынбасары Нұрлан Әзімханов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button