Жаңалықтар

«Altay Fest 2026»: Өскеменнен Катонқарағайға арнайы автобус ұйымдастырылады

10-12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазіргі уақытта «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

9-12 шілде аралығында Өскемен мен Катонқарағай ауданы аралығында қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданында өтетін фестиваль аясында қонақтар үшін ипподром аумағында арнайы кемпинг аймағы ұйымдастырылатын болады.

Қазіргі таңда арнайы жер телімі анықталған, онда 100 кемпингке дейін орналастыруға болады.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Жакитовтың айтуынша, алаң су мен жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button