Жаңалықтар

ШҚО-да жыл басынан бері 600-ге жуық есірткі жарнамасы жойылды

Есірткіге қарсы күрес айлығы аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Esbol Qory» қорымен және Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, есірткі граффитилерін анықтау және жою бойынша акция өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – тыйым салынған заттардың таралуына тосқауыл қою және жастарды есірткі жасыру секілді қылмыстық әрекеттерге тартылудан қорғау.

– Акцияға қатысушылар есірткі сату ресурстарына сілтеме жасайтын суреттер мен жазуларды бояп, өшірді.  Жыл басынан бері өңірде осындай 600-ге жуық жарнама жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button