Жаңалықтар
Алтай ауданында орманға баруға уақытша тыйым салынды

Алтай ауданында өрт қауіптілігінің IV сыныбы белгіленуіне байланысты «Зырян орман шаруашылығы» КММ аумағында халықтың мемлекеттік орман қоры аумағына кіруіне уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылығы қызметкерлері белгіленген тыйымның сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – делінген Алтай ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны және тыйым салу кезеңінде орман қоры аумағына барғаны үшін азаматтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



