Жаңалықтар
ШҚО-да қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында екі аналық қабан мен торайлар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Бейнежазбадан екі ана және айналасында асыр салып жүрген бір топ торайды көруге болады. Олар су жиналған лайлы шалшықтың маңында еркін жүріп, табиғи тіршілігін жалғастыруда. Қабандар үшін мұндай лайлы шалшықтар дене қызуын реттеуге, ыстық күндері салқындауға және түрлі жәндіктерден қорғануға көмектеседі, – деп хабарлады Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері.



