Жаңалықтар

Бұқтырма су қоймасының жағалауында туристік полиция жұмыс істейді

2024 жылдың маусым айынан бастап Алтай аудандық полиция бөлімінде полиция қызметінің сапасын арттыру мақсатында арнайы топ жұмыс істейді. Қазіргі таңда бөлімше штатында 5 қызметкер бар, олардың үшеуі Бұқтырма су қоймасының жағалауында патрульдік қызмет атқарып жүр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өткен жылы өңірімізде 53 мыңға жуық адам демалса, жыл басынан бері біздің өлкеге шетелдік қонақтарды қоса есептегенде 4 мыңға жуық адам келді.

– Полицейлердің басты міндеті – демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Олар су айдындарындағы қауіпсіздікке және жазатайым оқиғалардың алдын алуға, әсіресе жас демалушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.  Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, тәртіп сақшылары көмекші және кеңесші қызметін де атқарады. Шетелдік туристермен тиімді қарым-қатынас орнату үшін қызметкерлер ағылшын тіліндегі негізгі сөз тіркестерін меңгеруде. Сәлемдесуден бастап, көмек ұсыну, бағыт-бағдар беру және қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыруға дейінгі негізгі тіркестерді білу қонақтарға жергілікті жерде бағдар алуға және демалыстарының жайлы өтуіне септігін тигізеді, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button