Жаңалықтар
ШҚО-да «Ізгі жүрек» сыйлығына дауыс беру басталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өтетін «Ізгі жүрек» сыйлығына онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Биыл бұл марапатқа 7 үміткер ұсынылды.
Дауыс беру 22 маусымда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Әрбір тұрғын izgi-jurek.kz сайты арқылы өзі таңдаған үміткерге дауыс бере алады.
Жеңімпаздар дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
17 шілде күні Металлург күні қарсаңында сайтта ең көп дауыс жинаған қатысушыларға 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.
Айта кетейік, «Ізгі жүрек» сыйлығы 2018 жылдан бері «Казцинк» компаниясының бастамасымен өткізіліп келеді.



