Жаңалықтар
Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады – 263 егіз. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175).
Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен дүниеге келген.
– 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.



