Өскемендегі жағажайлардың бірінде абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов КМК жағажайында болып, жүргізіліп жатқан абаттандыру және дайындық жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қазіргі таңда аумақта тазалық жұмыстарын жүргізу, жағалау бөлігін ретке келтіру, қауіпсіздік шараларын күшейту және демалушыларға қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Жауапты мекемелерге барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырдым. Жағажай тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалыс орны болуы тиіс. Сондықтан санитарлық талаптардың сақталуы, құтқару қызметінің жұмысы, қоғамдық тәртіп пен аумақтың күтіп ұсталуына ерекше көңіл бөлінетін болады, – деп жазды шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жағажай аумағына қоқыс жәшігі, орындықтар, дәретхана, шатырлар орнатылады.



