Жаңалықтар
«Түнгі қаладағы балалар»: ШҚО-да 170-тен астам құқық бұзушылық тіркелді
18-20 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жалпы шара кезінде 175 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Ең көп кездескен құқықбұзушылық – кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйлерінен тыс жерде болуы. Осындай 131 жағдай анықталды. Рейдтік іс-шаралармен қатар инспекторлар профилактикалық жұмыстарға да ерекше көңіл бөлді. Барлығы 71 іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде дәрістер, кездесулер мен брифингтер өткізілді, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.



