Жаңалықтар

ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай ауданындағы Қамысты ауылының тұрғындары ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Қамысты ауылында 22 үй бар, онда 89 адам тұрады. Тұрғындар санының аздығына қарамастан, ауыл халқы қоғамдық өмірге белсенді араласып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды сақтауға және қоғамдағы қолайлы ахуалды нығайтуға ерекше көңіл бөледі.

«Алкогольсіз ауыл» бастамасына қосылу туралы шешімді тұрғындар ерікті түрде және бірауыздан қабылдады. Ауыл халқының пікірінше, алкогольден бас тарту денсаулықты нығайтуға, жеке жауапкершілікті арттыруға және балалар мен жастарды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Қамысты ауылы осы бастаманы қолдаған Шығыс Қазақстан облысындағы 28-ші елді мекен атанды.

– Қоғамдық қауіпсіздік әр адамның саналы таңдауынан басталады. Тұрғындар өзара құрметке, жауапкершілікке және салауатты өмір салтына негізделген ортақ құндылықтар төңірегінде біріге білгенде, бұл елді мекендегі тәртіптің, тұрақтылық пен әл-ауқаттың нығаюына оң әсер етеді, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button