Жаңалықтар
Алматы – Өскемен тасжолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жетісу облысында республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының 259–287 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласының айналма жолында) орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жоба аясында жол жамылғысы толық жаңартылып, жарықтандыру тіректері орнатылып, жаңа жол таңбалары салынады. Қазіргі уақытта 12 шақырымда жаңа асфальт төселіп, құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.
– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір учаскелерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылған. Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.



