Жаңалықтар
Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады.



