Жаңалықтар

Өскеменде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Алкогольсіз ауыл» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Өскемен қаласындағы сауда орындарының бірінде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін саудалағаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

– Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан жалпы саны 436 алкоголь өнімі тәркіленді. Оның ішінде 254 бөтелке спиртті ішімдік және 182 дана сыра өнімі бар. Тәркіленген өнімдердің барлығы заттай дәлелдеме ретінде танылып, процессуалдық шешім қабылданғанға дейін жауапты сақтауға қойылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button