Жаңалықтар

ШҚО-да майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында «Altyn Shyghys» серіктестігінің қолданыстағы май зауыты базасында, Предгорное ауылында өсімдік майын рафинациялау және дезодорациялау бойынша заманауи цехтың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыруға салынған инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден асты. Негізгі технологиялық жабдықтар толықтай орнатылып, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нысанның құрылысын аяқтап, оны пайдалануға беру 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

– Жоба толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын жыл сайын 160 мың тоннаға дейін рафинацияланған өсімдік майын және тамақ өнеркәсібінде және басқа да салаларда кеңінен қолданылатын 1,3 мың тонна лецитин өндіре алады. Жобаны жүзеге асыру ел ішіндегі майлы шикізатты қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді пайдалануға, шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге және 49 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – делінген министрліктің хабарламасында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button