Жаңалықтар
Өскеменде Комендантка көпірін кеңейту жұмыстары басталды
Өскеменде Комендантка көпірі маңында жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қазіргі уақытта аумақта ескі төсеніш тастарды, баспалдақ алаңын бөлшектеу, сондай-ақ аспалы сақиналарды алып тастау жұмыстары атқарылып жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстар демалыс аймағын жаңарту, оның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.



