Жаңалықтар
Өскеменде Комендантка бойындағы жол жөнделді
Өскемендегі Комендантка бойындағы Назарбаев даңғылынан Космическая көшесіне дейінгі жол өткелінде асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Аталған жол учаскесіндегі шұңқырлар мен жол жабынының бұзылуы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызған болатын.
Жүргізілген жұмыстар аясында жол жабыны жаңартылып, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасалды.
– Қаланың жол инфрақұрылымын дамыту және жақсарту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.



